ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы фабрика жылына 80 млн. жұмыртқа өндіреді

0
575

Фабрика 11 гектар аумақта орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы фабрика жылына 80 млн. жұмыртқа өндіреді

Сарыағаш ауданының әкімі «Сарыағаш құс» ЖШС фабрикасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіндегі «Сарыағаш құс» ЖШС фабрикасының жұмысымен танысты.


Жұмыртқа өндірумен айналысатын фабрика 11 гектар аумақта орналасқан. Кәсіпорын 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда фабрикада 20-дан астам адам жұмыс істейді. Тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа өндіреді. Аталған фабрика сапалы өнімдерін облыстың басқа да аудандарына жөнелтеді.


Сондай-ақ, аудан басшысы Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «БесҚара» ЖШС құс фабрикасында болды. Аталған фабрика 2014 жылы жұмысын бастап, бүгінде 60-тан аса жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.


Фабрика заман талабына сай технологиялармен жабдықталып, сапалы өнімдерге қол жеткізіп отыр. Жалпы өндірістің қуаттылығы жылына 80 млн жұмыртқа. Құс фабрикасының негізін қалаушысы әрі құрылтайшысы Мұрат Әбдібаевтың айтуынша, өндіріс орнының өнімдеріне сұраныс жоғары.