ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы каналдар жөнделіп жатыр

0
580

Жұмыстар 90 пайызға орындалды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы каналдар жөнделіп жатыр

Сарыағаштағы каналдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында ағын суды реттеу мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Бүгінде мердігер «Astana smart plus» ЖШС тарапынан 7 дана су бөлу гидроқұрылымдары орнатылып, қазіргі таңда жұмыстар 90 пайызға орындалды.


Осы ретте аудан басшысы Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден кейін, ауылдық округ аумағында орналасқан №57 каналының жөндеу жұмыстарына арнайы барып, бақылады.


Жөндеу жұмыстарымен танысқан аудан әкімі жұмысты сапалы орындауды және каналдың бас гидроқұрылымындағы құбырлардың су көлемін арттыру жұмыстарын атқару бойынша су шаруашылығы мекемесі мен ауыл әкімдігіне тапсырмалар берді.