ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық азамат мал бордақылау алаңын ашып, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр

0
408

1000 бас мал бордақылауға арналған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық азамат мал бордақылау алаңын ашып, 15 адамды жұмыспен қамтып отыр

Парламент Мәжілісінің депутаттары Сарыағаштағы мал бордақылау алаңында болып, директоры М.Абдибаевпен тілдесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Дархан Мыңбай мен Елнұр Бейсенбаев арнайы жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Іс-сапар барысында кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласының мамандарымен кездесіп, жұмыстарымен танысты.


Халық қалаулырлары алдымен Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Бес Қара» ЖШС-нің мал бордақылау алаңында болып, директоры М.Абдибаевпен тілдесті. Айта кетсек, «Бес Қара» ЖШС-нің мал бордақылау алаңы 1000 бас мал бордақылауға арналған. Бүгінде 230 бас мал сатып алынып, бордақыланып жатыр. Қазіргі таңда мұнда 15 адам жұмыспен қамтылған.


Одан әрі мәжілісмендер Сарыағаш ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне келіп, кітапхана ұжымымен кездесті. Кездесу партияның «Заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында ашылған коворкинг алғаш орталығынан басталды. Содан соң, балалар кітапханасы мен оқырман залында кітап қорымен танысып, кітапханашылармен тілдесті. Жиын барысында кітапханашылардың өтініштерін тыңдап, естелік жазба қалдырған Мыңбай Дархан Қамзабекұлы кітапхана ұжымына, сәттілік тіледі.