ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық диқандар экспортқа қырыққабат шығарып жатыр

0
408

Егіс алқаптарынан 460 мың тоннаға жуық көктемгі өнім жинау жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық диқандар экспортқа қырыққабат шығарып жатыр

Сарыағаштық диқандар ерте пісетін қырыққабатты экспортқа шығарып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округінде ашық егіс алқабынан қырыққабаттарды жинап, еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтіп жатыр.


Биыл ауданның шаруалары 10,5 мың га жер учаскесінде көкөністің бірнеше түрін өсіріп, оның ішінде 1,7 мың га жерде жылына 1 алқаптан 2-3 өнім алу бойынша жұмыстар атқарып жатыр.


Түркістан облысында биыл ерте пісетін көкөністер 20 мың гектарға жуық алқапқа егілді. Атап айтқанда, 9 мың гектар жерге ерте пісетін картоп, 7,5 мың гектарға қырыққабат, пияз 2 мың гектарға, сәбіз 1,3 мың гектарға орналастырылды. Егіс алқаптарынан 460 мың тоннаға жуық көктемгі өнім жинау жоспарланған.


Сәуір айында 8 мың тонна қырыққабат жиналып, жоспар 40 пайызға артық орындалған. Алдағы үш айда 450 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланған. Нәтижесінде маусымаралық кезеңде республикалық қажеттілік қырыққабат бойынша 95 пайызға қамтамасыз етіледі. Егілген сәбіз, пияз және картоп көлемі де артты. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоспарына сәйкес биыл 860 мың гектар жерге дақылдар егіледі.