ТҮРКІСТАН: Саурандық қарияларға құрмет көрсетілді

0
414

Бейнетінің зейнетін көріп отырған қарияларға Алғыс хат тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Саурандық қарияларға құрмет көрсетілді

Сауран ауданында Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сауран ауданында 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мәдениет үйінде қазыналы қарттардың назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Биыл алғаш рет енші алып, еңсе тіктеген жаңа ауданның әкімі Ғани Рысбеков қарияларды айтулы күнмен құттықтады.


«Жас ұрпаққа ақыл-кеңестеріңізді айтып, дархан даналықпен үлгі-өнеге көрсетіп жүре беріңіздер» - деген жүрекжарды лебізін білдірді.


Кеш барысында Ғани Құрмашұлы ел үшін аянбай еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қарияларға Алғыс хат тапсырды.