ТҮРКІСТАН: Саурандық шахматшы сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды

0
704

Байрақты додаға 13 команда қатысып, 7 тур бойынша бақ сынасты.


ТҮРКІСТАН: Саурандық шахматшы сурдлимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды

Түркия мемлекетінде қысқы Сурдлимпиада ойындары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркия мемлекетінде ХХ қысқы Сурдлимпиада ойындары өтті. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Мейірман Пернеев классикалық шахматтан қола жүлде жеңіп алды.


Байрақты додаға 13 команда қатысып, 7 тур бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде отандастарымыз 10 ұпаймен 3 орынға тұрақтады. Ала тақта шеберлері арасындағы сайыста 11 ұпаймен Польша командасы 2 орын алса, қоржынында 12 ұпайы бар Хорватия құрамасы алтын медаль еншіледі. Айта кетейік, сурдлимпиадашы Мейірман Пернеев Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының шәкірті.