ТҮРКІСТАН: Шәмші Қалдаяқов ем қабылдаған ауруханаға ескерткіш тақта қойылды

0
254

Төрт жылда бір келетін 29 ақпан – ұлы сазгердің өмірден қайтқан күні.


ТҮРКІСТАН: Шәмші Қалдаяқов ем қабылдаған ауруханаға ескерткіш тақта қойылды

Шәмші Қалдаяқов ем қабылдаған ауруханаға ескерткіш тақта қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданында ұлы сазгер, ҚР Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқов ем қабылдаған аурухананың кіреберісіне ескерткіш тақта қойылды. Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейінің филиалы Шәмші Қалдаяқов музей-үйінің ұйымдастыруымен салтанатты ашылуы өтті. Сондай-ақ арнайы бөлме жасақталды.


Төрт жылда бір келетін 29 ақпан – ұлы сазгердің өмірден қайтқан күні. Бұл дата қайталанбас дара тұлғаның ерекшелігін айғақтай түседі. Шəмші Қалдаяқов 1991 жылдың қарашасында, яғни өмірінің соңғы айларында туған жеріндегі ауылдық ауруханада ем қабылдаған. Бұл күнде Отырар ауданының гимніне айналған «Отырардағы той» əні осы ауруханада жатқанда жазылған екен.


Іс-шараға ұлы сазгердің туған-туыстары Райхан Қалдаяққызы, Қыдыр Домбаев, Бақыт Қалдаяқов жəне 1991 жылы Шəмші Қалдаяқовты ауылдық ауруханада емдеген, сол кездегі аурухананың бас дəрігері Құдайбергенов Төрехан, сол кездегі аудандық аурухананың бас дəрігерінің орынбасары Жолдасбек Тұрсынбаевтар, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.


Іс-шара барысында көзін көрген ақсақалдар қауымы естеліктерімен бөлісіп, жиын соңында Шəмші Қалдаяқовтың әруағына арнайы құран бағышталды.