ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының 50 %-ы табиғи газбен қамтылды

0
330

Құрылыс жұмыстары аяқталса ауданның 80 пайызы газдандырылатын болады.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданының 50 %-ы табиғи газбен қамтылды

Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғындары көгілдір отынмен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғындары көгілдір отынмен қамтылды. Жергілікті тұрғындар күрмеулі мәселенің шешімін тапқанына дән риза. Негізінен ауданда 10 ауылдық округ бар. Бүгінде оның 8-і табиғи газға қосылып, аудан бойынша газдандыру көрсеткіші 50 пайызды құраған. Бұдан бөлек аудан орталығын газдандыру құрылысы бойынша бірқатар шағынаудандар кезең-кезеңімен аяқталуда.


Жалпы қаладағы құрылыс жұмыстары аяқталса ауданның 80 пайызы газдандырылатын болады. Сонымен қатар Қ.Тұрысбеков ауылын 2022 жылдың аяғына дейін, ал Жаушықұм ауылын табиғи отынмен қамту жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Яғни бұл жоба аяқталса аудан толықтай 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ.