ТҮРКІСТАН: Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды

0
960

Су тапшылығын жою үшін жаңа серпін болмақ.


ТҮРКІСТАН: Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды

Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шардара су қоймасының түбін тазартуға кірісті.


Айта кететіні, су қоймасы 1966 жылы салынған және көлемі бойынша елімізде үшінші орында. Шардара су қоймасының соңғы батиметриялық түсірілімі (тереңдіктегі бірдей сызықтар туралы деректерді жинау процесі) 1977 жылы жүргізілген, сол кезеңдерде су қоймасының көлемі 5,2 млрд.м3 құраған екен.


Уақыт өте келе су қоймасының түбі біртіндеп шөгінділерге толып, су қоймасының көлемінің өзгеруіне әкеліп соққан (соңғы 55 жылда шөгінді тұнбасының көлемі шамамен 20% құрайды). Жаңа батиметриялық түсірілім су қоймасының нақты көлемін анықтау үшін жүргізілді.


Бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары басталды, су қоймасының түбінен сынақ материалдары алынды, олар шөгінділердің арақатынасын анықтау үшін зертханаға жіберілді. Ал шөгінділерді өңдеп, материал ретінде кәдеге жарату жаңа технологияларды қажет етеді.


Айта кету керек, мұндай жұмыстар біздің елімізде алғаш рет жүргізілуде, бұл оңтүстік өңірлердегі су тапшылығын жою үшін жаңа серпін болмақ.

Анықтама:

Бүгінгі таңда Шардара су қоймасы:

- ағысы - 94 м3/сек,

- көлемі-1 993 млн. м3,

- суды ағызу - 612,15 м3 / сек,

оның ішінде:

- Қызылқұм каналы-100 м3 / сек

- Сырдария өзені-500 м3 / сек

- Маш.каналы-11,5 м3 / сек

- Қарасақал - 0,65 м3 / сек