ТҮРКІСТАН: Шардарада 36 210 гектар жер жыртылды

0
598

Аудандағы барлық егістік алқап 57 800 гектарды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Шардарада 36 210 гектар жер жыртылды

Шардара ауданында 38 960 га егістік жер жырту жоспарланып, бүгінгі таңда 36 210 га жер айдалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Шардара ауданында 38 960 га егістік жер жырту жоспарланып, бүгінгі таңда 36 210 га жер айдалды. Ал аудандағы барлық егістік алқап 57 800 гектарды құрайды.


2024 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларға 2406,2 тонна дизель отыны бөлініп, 1 литрін орташа сату бағасы 249,0 теңге болып белгіленді. Қазіргі таңда жанар-жағармай алуға шаруалар тарапынан операторға 50,1 тоннаға өтінім берілген.


Мұнан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Ырыс» МҚҰ арқылы 62 шаруаға 503,7 млн теңге бөлінді. Қосымша «Оңтүстік» АИО арқылы 1,8 млрд теңгеге несиелендіруге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныс берілді.


Шаруаларға қажетті минералды тыңайтқыштар бойынша ауыл округтерінде бекітілген операторлар тарапынан 450,0 тонна аммиак селитрасы, 415 тонна аммофос, 30 тонна карбамид тасымалданып, шаруаларға таратылған.