ТҮРКІСТАН: Шардарада таэквондодан облыс чемпионаты аяқталды

0
453

Мұндай спорттық бәсекелер жалғасын табады.


ТҮРКІСТАН: Шардарада таэквондодан облыс чемпионаты аяқталды

Шардарада таэквондо ITF спортынан облыс чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара қаласының спорт кешенінде таэквондо ITF спортынан Түркістан облысы чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа облыстың барлық аудан, қалаларынан келген спортшылар бақ сынасты. Сайысты ашып берген Шардара аудандық мәслихат төрағасы Арман Қарсыбаев бұл спорт түріне көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып, дамыту жайын сөз етті. Түркістан облысы таэквондо ITF федерациясының президенті Айдын Қамытбаев спортшыларға сәттілік тіледі.


Чемпионат нәтижесінде командалық есеп бойынша 1-орынды шардаралықтар иеленсе, 2-орын Түркістан қаласының таэквондошыларына бұйырды. 3-орынды Ордабасы ауданы еншіледі. Жеңімпаз командаларға арнайы медаль, кубок және сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, мұндай спорттық бәсекелер жалғасын табады.