ТҮРКІСТАН: Шардарада жиырмадан астам көшеге асфальт төселеді

0
737

Қыркүйек айының ортасына дейін толықтай асфальт төселіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде.


ТҮРКІСТАН: Шардарада жиырмадан астам көшеге асфальт төселеді

Биыл Шардарадағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде жеті көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданындағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округі бойынша Республикалық бюджет есебінен «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 7 көшеге асфальт жабындысын төсеу ұсынылған болатын.


Мемлекеттік сатып алу Заңы аясында қазіргі таңда Шардара ауылындағы Ә.Нұршаев, Абылайхан және Ж.Жабаев көшелеріне «Строй Монтаж» құрылыс компаниясы» ЖШС асфальт төсеу жұмысын атқаруда. Қазіргі кезде Ә.Нұршаев, Абылайхан көшелеріне толық асфальт жабындысы жабылып, жұмыстар сапалы аяқталды. Бүгінгі таңда Ж.Жабаев көшесіне асфальт жабындысын жабу жұмыстары жүргізіліп жатса, қалған Ә.Молдағұлова, Сыпатаев, Б.Қаныбеков, Тәуелсіздік көшелеріне Мемлекеттік сатып алу Заңы қорытындысы негізінде қыркүйек айының ортасына дейін толықтай асфальт төселіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Жалпы ауылдық округ бойынша елдімекендерді қоса алғанда 36,17 шақырым жол болса, оның осы уақытқа дейін 5,51 шақырымына асфальт төселген. 2023 жылы Шардара ауылындағы осы 7 көше, 6,47 шақырым жолға «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша асфальт жабындысы төселеді. 2024 жылға «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша тағы 15 көше, яғни 17,4 шақырымға асфальт жабындысы жабылады деп жоспарлануда.