ТҮРКІСТАН: Шардаралық 10 ана «Алтын алқа» иегері атанды

0
2 003

Ендi бұл аналар тиiстi орындарға құжаттарын тапсырып, әлеуметтiк көмектер мен жеңiлдiктердi толығымен пайдалана алатын болады.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық 10 ана «Алтын алқа» иегері атанды

Шардарада жыл санап халық саны өсіп, алтын құрсақты аналардың қатары артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 14 тамызында №116 Жарлығымен бiрқатар алтын құрсақты аналарды наградтады. Олардың қатарында аналар да бар.

Аудан әкiмiнiң орынбасары Бауыржан Шомпиев алтын және күміс алқа иегерлпрімен кездесіп, наградаларын табыс етті.
«Ел бастайтын батырды да, сөз бастайтын ақынды да өздеріңіздей алтын құрсақты аналарымыз өмірге әкеледі. Сіздер ғибратты істеріңізбен, инабатты сөздеріңізбен қоғамның қиындығы мен ауыртпалығына мойымай ұрпақ тәрбиесімен айналысып, ұлтымыздың болашағын жарқын етуге аянбай күш салып келесіздер. Сіздердің өнегелеріңіз тарихта аты қалған Зере, Айғаным, Айша аналарымыздай қайталанбас өнеге», - деген аудан әкімінің орынбасары алтын құрсақ аналарға аудан демографиясын арттыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Жалпы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шардара ауданында 10 ана «Алтын алқа», 21 ана «Күмiс алқа» иегері атанды.
Ендi бұл аналар тиiстi орындарға құжаттарын тапсырып, әлеуметтiк көмектер мен жеңiлдiктердi пайдалана алатын болады.