ТҮРКІСТАН: Шардаралық Азия чемпиондары марапатталды

0
451

Шардаралық спортшылар 53 алтын алған.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық Азия чемпиондары марапатталды

Шардара ауданының әкімі Азия чемпиондарын марапаттады , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тамыз айының 17-24 күндері аралығында Алматы облысы, Талғар қаласында Армрестлингтен жас-жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, ересектер және ветерандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында XIX-шы Азия чемпионаты өткен болатын. Аталған чемпионатқа Азия құрлығының түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылары қатысқан додада Қазақстан құрама сапынан бақ сынаған “Шардара Армспорт” клубының спортшылары 53 алтынды алқымдаған. Осыған орай аудан әкімі Қайрат Жолдыбай Шардараны шартарапқа танытып жүрген қолкүресшілерді және оларды осындай биік дәрежеге жеткізіп жүрген бірқатар жаттықтырушыларды Алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.


"Сіздерді Алматы қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп , жеңімпаз атанғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсету бір абырой болса , жеңіс тұғырына көтерілу одан да зор жеміс деп білемін. Бойларыңыздағы қайсарлық пен жалынды жігердің арқасында жеңіс тұғырына көтеріліп , Түркістан облысының абыройын асқақтаттыңыздар. Шардараның тарихында армрестлингтен ең мықты құрама ретінде Азия чемпионатының жеңімпазы атануларыңыщ бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі - өнеге болып қала бермек. Шардаралық спортшылардың жеңісті жолдары мұнан әрі де жалғасын таба береді деп сенемін", - дейді Қайрат Жолдыбай.


Сондай-ақ, "Шардара Армспорт" клубының спортшылары алдағы уақытта Маңғыстау облысында өтетін «Ақбидай-2021» ауыл спорты ойындарынан бөлек, Румыния еліндегі мықтылар бақ сынайтын әлемдік додаға қызу дайындықты бастап кеткендерін жеткізді.