ТҮРКІСТАН: Шардаралық диқандар нарыққа 8700 тонна қарбыз шығарды

0
634

240 мың тоннадан астам өнім жиналады.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық диқандар нарыққа 8700 тонна қарбыз шығарды

Шардаралық диқандар 8700 тонна қарбызды нарыққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 1130 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа кетті. Оның ішінде 7570 тоннасы ішкі нарыққа шығарылды.


Сондай-ақ өз еліміздің өзге өңірлеріне аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 50-55 теңге аралығында сатып алуда. Диқандар алдағы уақытта экспорт көлемі арта түсетінін айтады. Ауданда қарбыз қоры мол.


Айта кетейік, биыл ауданда 9227 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 240 мың тоннадан астам өнім жиналады деп күтіліп отыр.