ТҮРКІСТАН: Шардаралық түлектер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

0
695

Ауыл ақсақалдары мен бірқатар ел ағалары ыстық лебіздерін білдірді.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық түлектер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

Шардара ауданына қарасты, Қоссейіт ауылдық округінде түлектер көпбалалы отбасыға үш бөлмелі тұрғын үйді сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданына қарасты, Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебінің 1986 жылы туған 2003 жылғы түлектері 20 жылдық мерейтойларында көпбалалы отбасыға үш бөлмелі тұрғын үйді сыйлады.


Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев баспаналы болған жандарды құттықтап, түлектерге аудан әкімінің атынан Алғыс хат табыстады.


«Құрметті Қоссейіт ауылының тұрғындары, қадірлі түлектер, міне, сіздердің бірлесе ұйымдасқан игі істеріңіздің арқасында бір отбасы баспаналы болып, қуанышқа бөленіп отыр. 20 жылдық түлектерге бүкіл аудан халқының атынан алғыс білдіреміз. Елім, жерім дейтін азаматтар осындай сауапты істің басы-қасында болады деп білемін. Ал бүгін үйлі болып жатқан отбасыға бақ-береке, амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді Б.Шомпиев.


Жиын мерекелік концертке ұласып, ауыл ақсақалдары мен бірқатар ел ағалары ыстық лебіздерін білдірді.