ТҮРКІСТАН: Шаянда ауызсу құбырлары жаңартылды

0
463

Қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Шаянда ауызсу құбырлары жаңартылды

Бәйдібек ауданында жаңадан қазылған ауыз суды беру үшін құбырларды тазалау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы, Шаян елдімекенінің тұрғындарын таза ауызсумен қамту мақсатында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, төрт ұңғыма қазылып, барлық көшелердегі су құбырлары жаңартылды. Қазір Айналма жол көшесіндегі құбырларға су жіберіліп, тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Осыған орай, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жауапты бөлімдермен бірге аталған көшеге барып, жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Жұмыс барысында аудан әкімі мердігер мекемеге қатаң ескерту жасады.


«Бірінші кезекте тұрғындардың өтініші маңызды. Маған сылтау емес нәтиже керек» - деген Ержігіт Шәріпбеков ауызсуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың баяу екендігін айтып, мердігер мекеме мен жауапты бөлімге жұмысты ширатуды тапсырды.


Алдағы уақытта аудан орталығындағы барлық көшеге жүргізілген құбырларға жаңадан қазылған жер асты суынан су жіберіліп, құбырлар тазартылады. Құбырлар толық тазаланып біткен соң таза ауыз суды пайдалануға болатынынан әкімдік хабардар ететін болады.