ТҮРКІСТАН: Шорнақтағы жанжалдан бір азамат ауыр көз жарақатын алған

0
1 200

Белгісіз біреулер келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырған.


ТҮРКІСТАН: Шорнақтағы жанжалдан бір азамат ауыр көз жарақатын алған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында жанжал туындады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге сала кетсек, Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылындаер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік орын алып, соңы бұзақылыққа ұласқан. Яғни, жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөлікпен белгісіз тұлғалар келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырған.

Оқыс оқиғаның салдарынан Түркістан қалалық орталық ауруханасының жарақат бөліміне 21.07.2020 күні Шорнақ ауылының 1998 және 1997 жылғы екі тұрғыны орташа дәрежелі жарақаттарымен медициналық жедел-жәрдем қызметімен жеткізілген.

«Медицина қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетілді. Өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Сондай-ақ,1998 жылғы азамат ауыр көз жарақатымен жатқызылды. Қазір дәрігерлердің бақылауында», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осының алдында жанжалды тоқтатқан тәртіп сақшысының да жарақат алғаныны анықталған еді. ТО ПД басшылығынан құрылған жедел-тергеу тобы сол тәулік ішінде осы бұзақылыққа қатысы бар 4 тұрғынды анықтап ұстады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.