ТҮРКІСТАН: Созақ полицейлері қайырымдылық жасады

0
1 162

Созақта полицейлер балаларға аяқ пен қолға арналған массаж құрылғысы мен велоқұрылғысын тарту етті.


ТҮРКІСТАН: Созақ полицейлері қайырымдылық жасады

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Ұлыстың Ұлы күні Науры мерекесі қарасаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап сыйлықтар жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Созақ аудандық АПБ қызметкерлері қаржы жинап, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталығына барды. Тәртіп сақшылары балаларды келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, аяқ пен қолға арналған массаж құрылғысы мен велоқұрылғысын, сондай-ақ басқа сыйлықтарды тарту етті.

Орталықтың қызметкерлері, тәрбиеленушілері және олардың ата-аналары Созақ АПБ полицейлеріне уақыттарының тығыздығына қарамастан арнайы көңіл бөліп, сыйлықтарды сыйға тартқандары үшін шын жүректен алғыстарын жаудырды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері балаларға мықты денсаулық, мол қуаныш тілей отырып, полицейлер тарапынан осындай игі бастамалардың дәстүрлі түрде көптеп жасалып жатқандығын, сонымен қатар, болашақта да жалғасын табатынын ерекше атап өтті.