ТҮРКІСТАН: Созақта «Ауыл аманаты» бойынша 60-тан астам тұрғын өтінім берді

0
616

Жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие берілуде.


ТҮРКІСТАН: Созақта «Ауыл аманаты» бойынша 60-тан астам тұрғын өтінім берді

Созақ ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы бойынша 60-тан астам ауыл тұрғыны өтінім беріп үлгерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биылдан бастап Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие берілуде.


Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков пилоттық жобаның өзектілігін ескеріп, арнайы лездемелік жиындар өткізіп келеді. Жиында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобаны ұтымды пайдалану мақсатында ауыл округ әкімдері мен жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары түрлі бағытта жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде облыстан арнайы жұмысшы топ келіп, шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықпен кездесулер өткізді. Жеңілдетілген несиелер бойынша қажетті ақпараттармен бөлісіп, несиенің алу жолдарын түсіндірді.


Айта кетейік, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бірінші кезеңде ауданда Созақ және Құмкент ауылдық округтері ұсынылды.


Аталған ауылдық округтерінен кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда 62 азамат құжат тапсырды. Оның ішінде 42 азаматтаң құжаты 187,700 млн теңгеге мақұлданып, 13 азамат 61,0 млн теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Бағдарламаның екінші кезеңінде Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтері ұсынылып, кооперативтер құрылды. Қазіргі таңда кооператив мүшелері тіркелуде.