ТҮРКІСТАН: Созақта екі бірдей балабақша пайдалануға берілді

0
2 132

Бір балабақша 80 баланы тәрбиелеп отырса, бірі 40 орынға лайықты етіліп салынған.


ТҮРКІСТАН: Созақта екі бірдей балабақша пайдалануға берілді

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылы мен Таукент кентінде жекеменшік екі балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жуантөбе ауыл округіндегі 40 орындық «Жаннұры» балабақшасының ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, ғимарат іші балалардың әдемі күлкісіне толсын деген тілегін де білдірді. Ал, аудандық мәслихаттың депутаты Сатыбалды Жанұзақ және ауыл ақсақалы Тұрсынбай Әбілдаұлы жылы лебіздерін жеткізді.

Жеке кәсіпкер Раушан Ержігітова ашып отырған балабақашада жатын бөлме, ойын залы, медицина кабинеті сынды қажетті бөлмелермен қамтылған. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Балаларға білім беруге және тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда медик, психолог, ағылшын тілі пәні мұғалімі, тәрбишесі сынды жалпы 17 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ Таукент кентінде «Дина- Таукент» бөбекжай - балабақшасы ашылды.

«Хақымыз үшін бала тәрбиесі қашанда назардан тыс қалып көрген емес. Сондықтан да заман талабына сай жасақталып отырған балабақша іші, балалардың қуанышты күлкісіне, олардың тәрбиесіне көңіл бөлетін білім ошағы болатынына сенемін»,- деді аймақ басшысы Салыхан Полатов.

Таукент кенті ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төленбек Айнекбайұлы, бүлдіршіндердің ата-анасы атынан Гүлзат Дүзенова сөз сөйледі. Қажетті бөлмелермен қамтылған «Дина- Таукент» балабақшасында 80 бала тәрбиеленіп, 18 кент тұрғыны жұмыспен қамтылады.

Айта кету керек, бүгінде аудан көлімінде 42 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Оның - 37 балабақша, 5 шағын орталық. Олардың 17-сі мемлекеттік болса, 20 жекеменшік балабақша. Мемлекеттік балабақшаларда - 2481 бала, жекеменшік балабақшаларда – 1762 бала, шағын орталықтарда 170 бүлдіршін тәрбиеленуде.