ТҮРКІСТАН: Созақта соғыстың соңғы майдангеріне құрмет көрсетілді

0
504

Аудан әкімдігі атынан ат мінгізіп, құрмет көрсетті.


ТҮРКІСТАН: Созақта соғыстың соңғы майдангеріне құрмет көрсетілді

Созақ ауданында сұрапыл соғыстың соңғы майдангеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудандағы сұрапыл соғыстың соңғы майдангері Мырзахмет Жылысбаевтың шаңырағында болып, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерейтойымен құттықтады. Арнайы облыс әкімінің құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыс етті. Аудан әкімдігі атынан ат мінгізіп, құрмет көрсетті.


«Ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың ерлік жолдарын жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету — біздің парызымыз. Адамзат қасіретін көзімен көріп, ерлеріміздің танытқан қаһармандық пен қайсарлыққа толы күн-тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы мен еліміздің өркендеуі де батыр бабаларымыздың ұлы ерліктерінің жалғасы. Сондықтан, оынау жарқын мереке қарсаңындағы барлық құрмет те, атақ пен марапатта Сіздердей майдангер аталарымызға арналады»,— деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.


Ардагер Мырзахмет Жылысбаев айтулы мереке қарсаңында аудан әкімдігі тарапынан көрсетілген құрметке алғысын айтып, егемен еліміздің аспаны ашық, еңсесі биік, мерейі үстем болуын тілеп, ақ батасын берді.