ТҮРКІСТАН: Созақта тағы бір «Жайлы мектептің» құрылысы басталды

0
550

2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.


ТҮРКІСТАН: Созақта тағы бір «Жайлы мектептің» құрылысы басталды

Созақта «Жайлы мектеп» жобасымен 900 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданының орталығында «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары басталды.


Осыған байланысты аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылысы жүріп жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, жауапты мамандарға құрылысқа кедергі болатын бағаналарды ауыстыру жұмыстарын тездетіп аяқтауды тапсырды.


Аталған білім ошағы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қаржыландыруымен қолға алынып, 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.


«Жайлы мектеп» жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталады. Сонымен қатар оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалып, оқушыларға арналған түрлі үйірмелер де ашылмақ. Сондай-ақ жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға барлық жағдай жасалады.