ТҮРКІСТАН: Созақта жалпы өнім көлемі 453,8 млрд. теңгеге жеткен

0
444

Инвестицияның 87%-ы өнеркәсіп саласына жұмсалған.


ТҮРКІСТАН: Созақта жалпы өнім көлемі 453,8 млрд. теңгеге жеткен

Созақ ауданының жалпы өнім көлемі 453,8 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданында өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 453 млрд 824 млн теңгені құраған. Аталған көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 135 млрд теңгеге артқан. Бұл туралы бүгінгі брифингте Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков мәлімдеді.


«Жалпы өңірлік өнімнің 92,5%-ы — өнеркәсіп саласына тиесілі. Оның ішінде, тау-кен өндіру өнеркәсібінің өнім көлемі 329 млрд 367 млн теңгені құраса, өңдеу өнеркәсібінің өнімі 85 млрд 32 млн теңге. Сонымен қатар, аудан экономикасына 52,8 млрд теңге инвестиция тартылды», - деді Мұхит Сексенбайұлы.


Сондай-ақ, инвестицияның 87%-ы — өнеркәсіп саласына, 12 млрд теңгесі - ғимараттарды салу мен жөндеуге, 13 млрд теңгесі - көлік құралдарын сатып алу мен жөндеуге жұмсалған. Аудан аумағында былтыр 405 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылды. «Ырыс» МКҰ арқылы аймақтағы 25 жоба 90 млн. теңге қаржы алған.