ТҮРКІСТАН: Созақтағы индустриалды аймақта жылына 170 000 металл бөшке шығарылады

0
601

Қазіргі таңда 35 адам жұмыспен қамтылып, жұмысшыларға барлық жағдай жасалған.


ТҮРКІСТАН: Созақтағы индустриалды аймақта жылына 170 000 металл бөшке шығарылады

Созақтағы индустриалды аймақтың әлеуеті зор, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданының орталығында орналасқан индустриалды аймақта 2013 жылы құрылысын толық аяқтап, жұмысын бастаған «UKO-S Star» ЖШС-гі бүгінде өндірісі қарқынды жүріп жатқан зауытқа айналды. Кәсіпорын бүгінгі таңда уран өндірісіне арналған 210 литрлік металл бөшкелерін шығарып, өндіріс ошақтарына өткізуде. Бірер жылдан бері кәсібін дөңгелетіп отырған бұл зауыт жылына 170 000 дана металл бөшке шығарады. Қазіргі таңда 35 адам жұмыспен қамтылып, жұмысшыларға барлық жағдай жасалған.


Осы ретте, аудан әкімдігі отандық өндірісті дамытып, бірлескен инновациялық әзірлемелердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы экспорттық нарықтарды игеруге басымдық беруде.


«Ауданымызда өндіріліп жатқан уран өндірісіне қажетті құрал жабдықтарды жергілікті өніммен қамтамасыз етудеміз. Қазіргі таңда техникалық майларға арналған бөшкелерде шығарылуда. Мұнда жұмыс жасайтын азаматтардың барлығы осы аудан тұрғындары», - дейді көптеген игі бастамалардың ұйытқысы болып жүрген «UKO-S Star» ЖШС директоры Дәурен Умаров.