ТҮРКІСТАН: Созақты көркейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
315

Әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау мақсатында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Созақты көркейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Созақ ауданында әкімдерге тазалықты сақтау жөнінде тапсырма берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданында елдімекен аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру, халық игілігі үшін берілген балалар ойын алаңшалары мен әлеуметтік нысандарды күтіп ұстау мақсатында тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.


Бұл жөнінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков атқарылуы тиіс жұмыстарды жан-жақты саралап, барлық ауыл, кент округ әкімдеріне тазалық жұмыстарын қарқынды іске асыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеген болатын.


Бүгінде Жартытөбе ауылы мен Аққолтық, Бабата елдімекендерінде бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алды. Онда бірнеше көшелері қоқыстардан тазартылып, жол бойында орналасқан бірқатар нысандардың қасбеттері мен қоршаулары қалыпқа келтірілді.


Жартытөбе ауыл округінде бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ішкі көшелердің барлығына кезең-кезеңімен жүргізіледі.