ТҮРКІСТАН: Су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
601

517 метрлік арна түзету, 11 метрлік дамбы көтеру, 317 метрлік тас төсемесін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында су тасқынының алдын алу мақсатында өзен арналарын тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында облыс аумағында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған дейін Ордабасы ауданының тұрғындары тарапынан Арыс-Түркістан каналындағы көпірді жаңарту, төрт түлік өтетін өткел салу бойынша ұсыныс айтылған болатын. Осыған орай, аудан әкімі Азат Оралбаев Б.Исаханов ауылы аумағындағы Арыс-Түркістан каналындағы көпірдің қазіргі жағдайын бақылады.


Қазіргі таңда Б.Исаханов елді мекенінен өтетін Арыс өзенінің арнасын түзету бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 517 метрлік арна түзету, 11 метрлік дамбы көтеру, 317 метрлік тас төсемесін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, өзен арнасына жақын орналасқан Ынталы, Аққойлы, Шұбар, Береке, Жусансай, Қажымұқан, Темірлан, Төреарық ауыл, елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілді.


Арыс өзенінің арнасын бұру бойынша құрылыс жүргізіліп жатқан алаңды аралаған аудан әкімі жауапты басшыларға канал арнасына салынған ескі көпірді техникалық тұрғыда тексеруден өткізіп, қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда, жаңадан құрылыс жобасын ұсынуды жүктеді. Ал, ауыл округ әкіміне тас төсеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.