ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0
865

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы гарнизоны әскери прокуроры көмекшісінің м.а. бастаған.


ТҮРКІСТАН: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев келіп, облыс активі мен құзырлы орган басшыларымен кездесті. Жиынды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүргізіп отырды. Кездесуде төраға орынбасары жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысын таныстырды. Бұл қызметке Төлеубаев Мұрат Ахтанұлы тағайындалды.


«Бүгін департаменттің басшысын таныстыру үшін қасиетті қала Түркістанға келіп отырмын. Өте тәжірибелі азамат. Мұрат Ахтанұлы, жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Ел Президенті мен агенттік төрағасы қойып отырған тапсырмалар мен міндеттерді сапалы орындайды деп сенемін», - деді Дархан Құрақбаев.


«Түркістан – еліміздегі ең үлкен өңір, киелі жер. Халқымыз өте еңбекқор. Жемқорлықпен күрес – қоғамның ортақ міндеті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрес мәселесіне ерекше назар аударады. Жемқорлыққа қарсы жұмыстар біздің өңірде тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл біздің ұдайы назарымызда тұрған мәселе. Осы бағытта әрі қарай да бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін. Қызметіңізге сәттілік тілейміз», - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.


Төлеубаев Мұрат Ахтанұлы 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі: жоғары, 1996 жылы «Тұран» университетін, 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Білім бойынша мамандығы: заңгер, әлеуметтік салада экономист-менеджер

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы гарнизоны әскери прокуроры көмекшісінің м.а. бастаған.

Алматы гарнизоны әскери прокурор көмекшісі (12.1996-04.1998);

Бас әскери прокуратурасы 3-бөлімінің әскери прокуроры (04.1998-05.2000);

Бас әскери прокурордың мемлекеттік органдардың орталық аппараттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі аға көмекшісі (01.2002-05.2003);

Астана қаласы Бас әскери прокуратурасы өкілдігінің мемлекеттік органдардың орталық аппараттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Бас әскери прокурордың аға көмекшісі (05.2003-06.2004);

Орталық аймақтық көлік прокуратурасы Астана қаласының авиациялық көлік прокуроры (01.2005-06.2007);

Атырау облысы прокурорының орынбасары (02.2009-08.2012);

Атырау облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (08.2012-11.2014);

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (11.2014-11.2015);

Қостанай облысы прокурорының орынбасары (11.2015-07.2017);

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы (07.2019-03.07.2021);

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы (03.07.2021-14.04.2022);

Осыған дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болған.