ТҮРКІСТАН: Табиғат қорғау прокуратурасы 86 тұлғаны жауапкершілікке тартты

0
803

109,6 млн теңге көлемінде қаржы бюджетке өндірілген.


ТҮРКІСТАН: Табиғат қорғау прокуратурасы 86 тұлғаны жауапкершілікке тартты

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 24 заң бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ағымдағы жылдың 3 айында 24 заң бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде, 35 тұлға тәртіптік, 51 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қоршаған ортаға келтірілген залал үшін 109,6 млн теңге көлемінде қаржы бюджетке өндірілген. Заңды бұзған 51 тұлғаға 4,4 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Бұл туралы брифингте мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Серік Әбдиев мәлімдеді.


«Өңір тұрғындарын табиғатты аялап сақтауға шақырамыз.Әсіресе кәсіпкерлерге Экологиялық кодексте талап етілгендей рұқсат қағаздарын, экологиялық сақтандыру шарттарын алуды еске саламын. Себебі, рұқсатсыз қызмет жасаған 100-ге жуық кәсіпкерлік субъектісі 13 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олар қоршаған ортаға 500 млн теңгеден астам залал келтірген. Оның 100 млн теңгеден астамы өндірілді. Табиғатты аяламасақ, оның зардабы болашағымыз үшін ауыр, ал материалдық және моральдық жауапкершілігі өте жоғары», - деді Серік Үмбетұлы.


Баспасөз мәслихатында спикер Сарыағаш және Арыс ауданы аумағында орналасқан қоқыс полигондарның санитарлық-қорғаныш аймағы сақталмай тұрғын үйлер салынғанын сөз етті. Облыстағы 158 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ішінде тек біреуіне ғана автоматтандырылған сұрыптау желісі орнатылған. Қазіргі таңда жергілікті ақтқарушы органмен бюджеттен қаржы бөлініп, қоқыс полигондарын заң талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.