ТҮРКІСТАН: Таудағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

0
427

Тауға туристік сапармен шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?


ТҮРКІСТАН: Таудағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Түркістан облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы таудағы қауіпсіздік шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Досалиев таудағы қауіпсіздік шаралары туралы айтты.


Брифинг барысында спикер облыс тұрғындары мен қонақтарын барынша сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Ол үшін туристік жол бағытқа шығар алдында орман шаруашылығының өткізу бекеттеріне тіркелу керектігін, тіркелмеген жағдайда 101 немесе 112 құтқару қызметі нөмірлеріне хабарласу қажет екендігін ескертті.


Айта кетсек, саяхат кезінде:

• Таңдалған жол бағытыңыз ұзақ болса да, неғұрлым қауіпсіз жол бағытын таңдау керек;

• Жол жүрер алдында ауа райының қолайсыздығы мен мүмкін болған кедергілерді ескере отырып, қауіпті тосын жағдайларды барынша бағалау керек;

• Топпен ғана қозғалып, оның бөлінуіне жол бермеу керек;

• Жол жүру бағытын қауіпсіздік мақсатында қысқартпау;

• Өткелдерден түнгі уақыт пен нашар көрініс кезінде өтпеу;

• Қауіпті аймақтардан, ағысы қатты өзендерден және жарықтардан сенімді сақтандыру құралдарының бар болуы кезінде ғана өту;

• Қауіпті жартасты аймақтардан сақтандыру шаралары мен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, аса қажеттілік жағдайында ғана өту керек.