ТҮРКІСТАН: Тоқаевтың штаб мүшелері мақтааралдықтармен кездесті

0
2 087

Кездесуде Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында айтылған мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеру, ауыл шаруашылығы саласына жасалған мемлекеттік қамқорлықтар жөнінде айтылды.


ТҮРКІСТАН: Тоқаевтың штаб мүшелері мақтааралдықтармен кездесті

Мақтааралда өткен жиында Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында айтылған мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеру, ауыл шаруашылығы саласына жасалған мемлекеттік қамқорлықтар туралы кеңінен айтылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Кездесуде сөз алған облыстық штаб мүшесі Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп берді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын бірге қалап, иық тіресе еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі саясаткер, әлемдік деңгейдегі беделді дипломат. Сондықтан да «NurOtan» партиясының төрағасы сенім артып, ел тізгінін ұстауға лайық тұлға деп танып отыр. Біз де 9-маусымда болатын сайлауда, еліміздің болашағындағы даму жолындағы тарихи сәтінде Қасым-Жомарт Кемелұлына біркісідей қолдау көрсетеді деп сенемін»,- деген Кенжехан Атақұлұлы мақтааралдықтарды партия кандидатына дауыс беруге шақырды.
Ал, партия ардагері Ибадулла Үмбетаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы ұстаздар мен дәрігерлер мәртебесі, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қамқорлықтар жайында кеңінен айтса, ауданды мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өңірлердегі бірлік пен татулықты сақтауға шақырды.
Жиын соңында облыстық штаб мүшелері Мақтаарал аудандық штабтың жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келушілермен тілдесіп, мәселелерімен танысты.