ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылады

0
2 587

Бұл жұмыстарды атқаруға аудандық бюджеттен 150 млн теңгеден астам қаржы қаралып отыр.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылады

Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың соңына дейін 1 мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің аулалары жаңаратын болады. Бұл жұмыстарды атқаруға аудандық бюджеттен 150 млн теңгеден астам қаржы қаралып отыр. Ықшамаудан аумағындағы 7 мың шақырымға жуық жерге жол төселіп, бордюрлер жаңарады.

Сонымен қатар, көшелерге 100-ге жуық жарық шамдар орнатылмақ. Айта кетейік, аталған мөлтек ауданда екі спорт алаңдары, төрт балалар ойын алаңдары мен стрит воркауттар, тренажорлар орнатылмақ.

Жалпы, Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 91 көпқабатты үй бар. Тұрғын үйлер 43 аулаға біріктірілген. Өткен жылы қаладағы 16 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылған. Биыл тағы 27 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңын орнату көзделуде.