ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында шығармашыл жастар табыс табатын болады

0
1 384

Төлебиде "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы​ білім жүйесіне енгізіліп отыр.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында шығармашыл жастар табыс табатын болады

Түркістан облысы, Төлеби ауданы жастары "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында шығармашыл жастардың енді табыс табуға мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауданда "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың бірі «TOLEBI.BILIM MALIMET» деректер қоры. Интернет желісінің көмегімен оқушылардың оқу үлгерімін, бөлімнің есептерін, сауалнамаларды және қосымша мәліметтерді арнайы форманы толтыру арқылы жүзеге асатын болады. Жобаның артықшылығы ақпаратты компьютер немесе смартфон арқылы кез келген жерден жолдауға мүмкіндік береді.

"Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт болып табылады. Осы орайда "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Төлеби ауданының білім саласын цифрландыруда бірнеше жобалар іске асуда. Олардың бірі қолөнер бұйымдарының «ТOLEBI ORNEKTERI» электронды каталогы. Каталог мектеп оқушыларының жасаған қол өнер бұйымдары мен туындыларын кәдесый ретінде сату мақсатында жасалған. Енді Төлебилік жас қолөнер шеберлері өнерлерін көрсетіп қана қоймай, өз еңбектерін сатып табысқа кенеле алады",- деп мәлімдеді Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Аманова.

Аудандық білім бөлімінің бастамасымен ата-аналар және мұғалімдермен тікелей ақпараттық байланыс орнату үшін TELEGRAMM мессенжерінде арнайы «Төлеби аудандық білім бөлімі» чаты ашылды.

Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептерде jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілген. Ауданымызда жұмысқа қабылдаудың осы жүйесімен 4 айдың өзінде 80 бос жұмыс орны жарияланған. Бос орындарға 65 мұғалім тест тапсырып, 25 мұғалім, 24 кіші техникалық қызметкерлер қабылданып, бүгінде өз жұмыстарына кіріскен.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 4 айда balabaksha.sitcen.kz порталы арқылы 1089 бала кезекке тіркеліп, 1047 бала қабылданған.

Айта кетейік, 2019-2020 оқу жылынан бастап Ленгір қаласындағы №7 жалпы орта мектебі IT мектеп-лицей болып өзгермек. Мақсат математика-физика пәні бойынша терең білім беру, озат оқушыларды дайындау. Болашақта олардың IT-технология саласына қызығушылығын арттыру.