ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жаңа кіші футбол алаңшасы ашылды

0
959

«Туған жер» бағдарламасы аясында жеке кісіпкер ауыл игілігіне спорт нысанын пайдалануға берді.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жаңа кіші футбол алаңшасы ашылды

Түркістан облысы, Төлеби ауданында жеке кәсіпкер кіші футбол алаңшасы салып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын.

Осы орайда Төлеби ауданында нәтижелі істер көптеп жасалуда. Солардың бірі Бірінші Мамыр ауылдық округі, Бейнеткеш ауылында заманауй үлгіде салынған «Байтерек» жабық кіші футбол алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Аталмыш спорт алаңшасы жеке кәсіпкер Бағила Әшірбаеваның демеушілігімен бой көтерді.

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев салауатты өмір салтын ұстануда осындай нысандардың көптеп ашылуына жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өтті. Ауыл жастарын спортқа баулу аясында атқарып жатқан еңбектері үшін аудан әкімінің алғыс хатымен бірнеше азамат марапатталды.

Кешеннің ресми лентасы қиылған соң кіші футболдан жарыс өтті. Оған қатысқан 20 құрама команда арасында I - орынды Шуланбековтар командасы, II - орынды Көксәйек командасы, III - орынды Екпінді командасы иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар табысталды.