ТҮРКІСТАН: Төлебиде мыңнан астам жер теліміне инженерлік-коммуникация жүйелері жүргізілді

0
610

Республикалық бюджет есебінен 1 млрд. 264. млн теңге қаралған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде мыңнан астам жер теліміне инженерлік-коммуникация жүйелері жүргізілді

Төлеби ауданында елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында халықты тұрғын үй салу үшін жер телімдерімен қамту мақсатында 216,7 гектар немесе 1007 жер телімін құрайтын, 5 (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр,Қаратөбе, Қайнар) елді мекенде инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстарын (ауыз су, электр жүйесі) жүргізу үшін республикалық бюджет есебінен 1 млрд. 264. млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталды.


Сондай-ақ, 5 елді мекеннің (Көксәйек, Зертас, Бірінші Мамыр, Қаратөбе, Қайнар) инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылыстарына (табиғи газ, сымтетік желісі, автомобиль жолдары) және Ленгір қаласының Алатау мөлтек ауданына электр жүйесі, автомобиль жолдары құрылысын жүргізуге 7 млрд. 739 млн. теңгенің жобаларын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ұсыныс жасалған.


Одан бөлек, аудан бюджетінен 22,0 млн теңге қарастырылып, Тасарық, Ханарық, Момынай, Қасқасу елді мекендеріндегі жаңа массивтерге инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін (ауыз су, табиғи газ, сымтетік желісі, электр жүйесі, автомобиль жолдары) жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Ал, Ленгір қаласы, Алатау мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамасын (ауыз су, табиғи газ) әзірлеу үшін аудандық бюджет есебінен 21 млн. теңге қарастырылып отыр.