ТҮРКІСТАН: Төлебиде Рамазан айы қарсаңында жаңа мешіт ашылды

0
240

Құлшылық ордасының ашылу рәсімі «Нұр» мешітінің ұстазы Ерлан қари Базарбайұлының Құран оқуымен басталды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде Рамазан айы қарсаңында жаңа мешіт ашылды

Төлеби ауданы, Зертас ауылдық округі, Жаңакүш елді мекенінде ауыл тұрғындарының демеушілігімен «Жаңа күш» атындағы мешіт ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Төлеби ауданы, Зертас ауылдық округі, Жаңакүш елді мекенінде ауыл тұрғындарының демеушілігімен «Жаңа күш» атындағы мешіт ашылды.


Құлшылық ордасының ашылу рәсімі «Нұр» мешітінің ұстазы Ерлан қари Базарбайұлының Құран оқуымен басталды.


Төлеби ауданының бас имамы Үсен Саурбаев сәні мен сәулеті жарасқан құлшылық ордасының ашылуына атсалысқан Жаңакүш елді мекенінің бірқатар азаматтарына облыстың бас имамының алғыс хатын табыс етті. Салтанатты жиында мешіт имамына аса таяқ пен қасиетті Құран Кәрім кітабы табысталды.


Көпшіліктің қуанышымен бөлісуге арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров ауыл халқын имандылық үйінің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.


Жаңа мешіттің жанында асханасы орналасқан аумаққа марқұмдардың рухына құран бағышталып, қонақтар әсем мешіттің ішін аралап танысты.


Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттауға арналған құтты мекенді жеке қаражатына тұрғызған Марат Дарихожаевқа ауыл халқы ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Мешіт – мейірімділік мекені, руханияттың ортасы. Қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін аудандағы жаңадан ашылған 65-ші мешітте бір мезгілде 150 жамағат намазы оқи алады.