ТҮРКІСТАН: Төлебилік оқушылар оқу жылын жаңа ғимаратта бастады

0
1 114

Онда тігін және еңбек шеберханасы, акт және спорт залы, асхана бар.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік оқушылар оқу жылын жаңа ғимаратта бастады

Түркістан облысында білім күніне орай бірқатар жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында білім күніне орай бірқатар жаңа мектеп пайдалануға берілді. Солардың бірі Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы №6 білім ұясында алғашқы қоңырау соғылды. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев және жауапты сала басшылары қатысып, ұстаздар мен оқушыларды білім күні мерекесімен құттықтады.


Оқу ордасы 200 орындық. Онда тігін және еңбек шеберханасы, акт және спорт залы, асхана бар. Сынып бөлмелері барлық талапқа сай және толық материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған.


Салтанатты жиында ата-аналар атынан ардагер ұстаздар мерекелік лебізін жеткізді. Мектепке алғаш қадам басқан бірінші сынып оқушылары білім алуға құштарлықтарын білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.


Айта кетейік, Төлеби ауданында 68 мектеп бар. Білім ордаларында 28 мыңға жуық оқушы білім алса, оның 3 мыңға жуығы 1 - сыныпқа қадам басты.