ТҮРКІСТАН: «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 7 жайт тіркелді

0
508

50-ге жуық блок-бекет жұмыс істеп тұр.


ТҮРКІСТАН: «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 7 жайт тіркелді

Түркістан облысы аумағында 47 блокпост орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында блокбекеттер орнатылды. Қазіргі уақытта өңірде 47 блокпост бар. Оның 45-і аудан, қала жолдарына қойылса, қалғаны республикалық маңызы бар жолдарға орнатылған.


«Түркістан облысында заңсыз шеру бойынша ешқандай қылмыс не болмаса мүлікке залал келтіру анықталмады. Бірқатар аудандарда тұрғындар топтасып жиналғанымен, жедел түрде оқиға орнына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тарқатып, тәртіпсіздіктердің алдын алдық. Сондықтан облыста қылмыстық ахуал тұрақты. Дәл қазіргі таңда наразылық шерулер жасау жайты болған жоқ. Біз шеру кезінде тұрғындар арасында тәртіпсіздік болмас үшін тәулігіне 24 сағат бойы қызмет атқарудамыз. Барша тұрғындарға арандатушылардың сөзіне, іс-әрекетіне ермеуге, заңсыздыққа бармауға шақырамын. Себебі еліміздің заңдарына байланысты әрбір заңбұзушылыққа қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - дейді Түркістан облысында комендант болып бекітілген Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков.


Айта кетсек, 5 қаңтар күні төтенше жағдай енгізілгеннен бастап өңірде «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 7 жайт тіркелген.