ТҮРКІСТАН: «TRANSPARENCY KAZAKHSTAN» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің кезекті сабағы өтті

0
1 651

«Transparency Kazakhstan» ұйымымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің кезекті дәрісін өткізді.


ТҮРКІСТАН:  «TRANSPARENCY KAZAKHSTAN» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің кезекті сабағы өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Transparency Kazakhstan» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің кезекті дәрісі Түркістан қаласында тұңғыш рет өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл мектептің сабағына құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметшілері, кәсіпкерлер, ауылдық округ әкімдері, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, журналистер, блогерлер, үкіметтік емес ұйым және арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

Іс - шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы ашып, бұл шараның өңірлерде өткізілу маңыздылығына тоқталып өтті.

Шара шеңберінде «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры О.Шиян және «Zertteu Research Institute» орталығының өкілі Ғ.Оразымбет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің Халықаралық және Қазақстандық жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтық қоғамның қатысуы және бизнестегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға шолу жасады.

Бұған қоса, ұйымдастырушылар тарапынан тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықтың нақты мысалдары мен оның теріс әсерін жою үшін пайдалануға болатын стратегиялар бойынша толық ақпараттар ұсынылды және қоғам дертімен күрес жүргізу бағытында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Іс - шара соңында тыңдаушылар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

Түркістан өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің кезекті дәрісіне қатысқан тыңдаушыларға ұйымдастырушылар арнайы сертификаттар табыстап, естелікке фотосуретке түсті.