ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 2000 адамды жұмыспен қамтитын фабрика салынуы мүмкін

0
446

Жылына 40-45 мың тонна өнім өндіруге қуаттылығы жетеді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 2000 адамды жұмыспен қамтитын фабрика салынуы мүмкін

Түлкібас ауданының басшысы шетелдік инвесторды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесудегі басты мақсат аудан аймағына ірі кәсіпорын ашып, халықты жұмыспен қамтып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру.


«Henhof» ЖШС-нің басшысы Колесников Олег Александровичті қабылдағанаудан басшысы компанияның жеке жұмысына тоқталып, негізгі бағыттарымен танысты. Тауық етінен өнімдер өндіретін құс фабрикасы 2000 адамды жұмысқа қамтуға қауқарлы. Жылына 40-45 мың тонна өнім өндіруге қуаттылығы жететін кәсіпорынға мемлекет тарапынан жер берілсе болғаны.


Компания басшысы су, жарық, көгілдір отын жеткізіліп, қолдау көрсетілсе жұмысты қазірден-ақ бастап, қарқынды еңбек күшін көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Құс етінің өнімдерін Қазақстанның барлық сауда бекеттері мен алыс-жақын шетелдерге экспорттауға мүмкіндіктерін барын да айтып өтті.


Құны 122 млрд теңгені құрайтын фабриканың жоспарымен егжей-тегжейлі танысқан аудан басшысы Н.Ізтілеуов алдағы уақытта біріге жұмыс жасап, жақсы нәтижелердің куәсі болатынына сенім білдірді.