ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 34,6 шақырым жол жөнделіп жатыр

0
357

Жыл соңында пайдалануға берілмек.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 34,6 шақырым жол жөнделіп жатыр

Түлкібас ауданында 34,6 шақырым жол жөнделіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түлкібас ауданында 34,6 шақырым жол жөнделуде. Жыл соңында жөндеу жұмыстары толық аяқталып пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, аудан орталығындағы көшелердің де сапасы жақсарып жатыр.


Мәселен, орталықтағы 18,3 шақырым жол «Ауыл - Ел Бесігі» бағдарламасымен жүзеге асуда. Т.Рысқұлов елді мекеніндегі 5 көше мен Көкжайлау және Жанкент мөлтек аудандарының көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындардың түнгі уақытта жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түнгі жарықтандыру шамдары орнатылуда.


Жол жөндеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын бақылау мақсатында аудан басшысы Нұрлан Байғұт арнайы аралап көрді. Кей көшелерде атқарылып жатқан жұмыстарға төмен баға беріп, жауапты мердігер мекемені сынға алды. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан барлық нысанның сапалы болуын әрі мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.