ТҮРКІСТАН: Түлкібаста мемлекеттік бағдарламамен 150 азамат өз кәсібін ашқан

0
543

Оның 58-і 29 жасқа дейінгі жастар болса, 40-ы тұрмыс жағдайы төмен жанұялар.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста мемлекеттік бағдарламамен 150 азамат өз кәсібін ашқан

Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 150 азамат жаңа бизнес идеяларын іске асырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысы Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 150 азамат жаңа бизнес идеяларын іске асырды. Нақтырақ айтсақ, олар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" жобасы арқылы 583 мың 400 теңге көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант алған. Нәтижесінде ауданда жаңадан 122 ірі қара мал шаруашылығы, 10 қой шаруашылығы, 8 жылқы шаруашылығы, 4 тігін цехы және басқа да бағыттарда жұмыс істейтін жаңа жобалар жүзеге асты.


Айта кетерлігі, мемлекеттік грантты алғандардың басым бөлігі жұмыссыз жастар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Оның 58-і 29 жасқа дейінгі жастар болса, 40-ы тұрмыс жағдайы төмен жанұялар, ал 3-і мүгедек жандар. Мамандар мемлекеттік бағдарлама арқылы жеке кәсіп ашамын деген азаматтардың саны жыл сайын артып келе жатқанын айтады.