ТҮРКІСТАН: Түлкібастағы шие бауының көлемі 50 гектарға жеткізіледі

0
612

Түркиядан арнайы алынған «Амереканка» шиесін 30 гектар жерге отырғызған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастағы шие бауының көлемі 50 гектарға жеткізіледі

Биыл Түлкібас ауданы Мичурин ауылдық округіндегі ерте пісетін шие бауының көлемі 50 гектарға жетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жұмыс сапарымен Мичурин ауылдық округінде болған Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт жергілікті тұрғындарымен кездесіп, округ аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Алдымен, Майтөбе ауылындағы мәдениет үйінде халықпен кездесуде округ әкімі М.Омарбеков 9 айда атқарған жұмыстарының есебін баяндап, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.


Содан соң, жиын сұрақ-жауап форматында жалғасып округ тұрғындары жол, ауыз су, ағын су, электр желісі мен ұялы байланысқа қатысты өтініш-ұсыныстарын аудан әкіміне жеткізді. Аудан басшысы әр бір сауалға Заң аясына нақты жауабын берді.


Сондай-ақ, аудан басшысы округ аумағында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Бірінші кезекте жергілікті спорт мектебінде болып, облыс әкімінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында аталған спорт мектебін футбол бағытында дамытуға қатысты нысанның өзгертуді қажет ететін тұстарын бақылады. Бұдан соң аудан әкімі «Мөлдір» ЖШС-не табан тіреп, шаруашылық аумағындағы ерте пісетін шие бауын аралады. Биыл ерте көктемде шаруашылық Түркия елінен арнайы алынған жоғары сұртты мол өнім беретін «Амереканка» шиесін 30 гектар жерге отырғызған. Алдағы қараша айының басында қосымша 20 гектарға дәл осы сұрттың көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.


Нұрлан Мархабатұлы серіктестік директоры Қ.Үсембаевтың бау шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдап, қолдау көрсететіндігін жеткізді.