ТҮРКІСТАН: «Тұран» баскетболшылары ұлттық лигада ел чемпионы атанды

0
543

Чемпионаттың үздіктері марапатталды.


ТҮРКІСТАН: «Тұран» баскетболшылары ұлттық лигада ел чемпионы атанды

Баскетболдан Қазақстан Республикасының XXXI чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде баскетболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының XXXI чемпионаты мәресіне жетті.


Тартысты өткен баскетбол бәсекесіне елімізден Ақтаудың «Каспий», Астана қаласының «Astana Tigers», Ақтөбенің «Ақтөбе» және алаң иесі «Тұран» командасының құрамасы қатысып, өзара мықтыларын анықтады.


Баскетбол бәсекесінің шешуші сынында бір команда қарсыласын 3 рет жеңсе чемпионат мерзімінен бұрын аяқталады. Сондықтан «Тұран» командасы чемпиондық титулды сақтап қалу үшін басты қарсыласы елордалық «Astana tigers» құрамасын қатарынан үш кездесуде тізе бүтіріп, чемпиондық атағын сақтап қалды. Ал, Ақтаудың «Каспий» командасы мен Ақтөбенің «Ақтөбе» құрамасы чемпионаттың қола жүлдесіне таласты. Бұл сында ақтөбелік команданың бәсі жоғары болып, қола жүлдегер атанды.


Сонымен баскетболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы чемпионаттың үздіктері марапатталды. Үздік ойыншалар мен үздік командаларға «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Бульдуруков құрмет көрсетіп, арнайы тағайындалған медальдар мен кубоктар тасбыс етті.