ТҮРКІСТАН: «Тұран» мен «Мақтаарал» жеңіске жетті

0
429

Бұл жұптар арасындағы жеңімпаз қарымта ойында анықталады.


ТҮРКІСТАН: «Тұран» мен «Мақтаарал» жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының кездесулері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының кездесулері өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы Ақтаудың «Каспий» клубымен кездесті. Тартысты кездесуде түркістандықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс добын ойынның 16-минутында Диалло салды.


Түркістан облысының тағы бір командасы «Мақтаарал» Шымкентте азулы «Ордабасымен» кездесті. Өте қызықты матчта күтпеген нәтиже тіркелді. Сауатты ойын өрнегін көрсеткен «Мақтаарал» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіп кетті. Коне және Сандовал бір-бір голдан салды.


Осылайша, Қазақстан кубогының 1/8 финалдық бәсекесінің алғашқы кездесулері Түркістан облысының командалары үшін сәтті болды. Бұл жұптар арасындағы жеңімпаз қарымта ойында анықталады.