ТҮРКІСТАН: Тұрғындарды тазалыққа шақыратын байқау басталды

0
627

1 сәуірден бастап тазалық айлығы жарияланды.


ТҮРКІСТАН: Тұрғындарды тазалыққа шақыратын байқау басталды

Түркістанда тұрғындарды тазалыққа шақыратын байқау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Түркістанға тағзым - тазалықтан басталады" ұранымен 1 сәуірден бастап тазалық айлығы жарияланды. Акцияға қатысушылар өздері тұратын көшенің, көпқабатты тұрғын үй аулаларының тазалығын сақтап, көріктендіруі, көгалдандыруы тиіс. Байқауға Түркістан қаласының тұрғындары мен аула, көше атынан көше комитеттерінің төрағалары (төрайымдары) өтініш бере алады.


Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік аула»;

2) «Көрікті көше»;

3) "Таза сектор";

4) «Ең үздік гүлзар» (сектор тұрғындарының көшені көгалдандыруы бағаланады);

5. Үздік мектеп;

6. Үздік балабақша;

7. Үздік медициналық мекеме;

8. Үздік колледж;

9 Үздік мекеме


Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула, көшелердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, ұсақ құқықбұзушылықтардың алдын алуда нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де арнайы сыйлықтармен марапатталады.


Талапкерлер байқауға қатысатыны туралы өтінішті өзі тұратын сектор (Иассы, Шауғар, Отырар, Бірлік, Бекзат, Сауран) жанынан құрылатын жұмыс тобы мүшелеріне өткізе алады.


Олар мына мекенжайларда орналасқан:

"ЯССЫ" секторы -Ғ. Мүсірепов №33А

"БІРЛІК" секторы - Ханқорған№3

"ОТЫРАР" секторы - Қазыбек би көшесі 258

"ШАУҒАР" секторы - Н.Төреқұлов 3а

"БЕКЗАТ"секторы -І. Есемберлин 13

"САУРАН" секторы - Тілеулі Мыңбасы 5


Тазалық айлығы аяқталған соң 1 апта ішінде конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарымен танысып,байқауға қатысушы көшелер мен аулаларға барып бақылау жүргізеді.


Байқау жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады. Байқауға қатысу жөніндегі өтініш тек 1 мамырға дейін қабылданады.