ТҮРКІСТАН: Үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

0
431

Есірткіні қорасына тығып қойған.


ТҮРКІСТАН: Үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Түркістандық полиция қызметкерлері үйінде есірткі сақтаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында өтіп жатқан «Дәрмек» іс-шарасы барысында Бәйдібек АПБ полицейлері үйінде есірткі затын сақтаған тұрғынды ұстады. Толығырақ айта кетсек, аудан тұрғындарының бірі өз үйінде есірткі сақтайтыны туралы учаскелік полиция инспекторы полиция бөліміне хабарлаған. Тәртіп сақшылары хабар алған бойда жедел-іздестіру шараларына кірісіп, күдіктінің жеке басы мен тұрғылықты мекенжайы анықталған. Ал күдікке ілінген ер адамның үйін тінту кезінде оның ауласында орналасқан қорасынан сіріңке қорабына салынған, өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас зат табылды.


Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеп, тергеуді бастаған. Айғақты зат ретінде алынған затқа сараптама тағайындалып, өсімдіктің «кептірілген марихуана» екені айқындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.