ТҮРКІСТАН: Үш жасар қыз бала Арыс өзеніне ағып кетті

0
1 287

Ауыл тұрғындары іздеп таба алмаған.


ТҮРКІСТАН: Үш жасар қыз бала Арыс өзеніне ағып кетті

иллюстрациялық фото

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 3 жасар қыз Арыс өзеніне батып кетіп мерт болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы хабарлама Түлкібас ауданы Арыс ауылдық округінің Керейіт ауылынан 17 мамырда Шымкент қалалық ТЖД-не келіп түскен. 2017 жылы туылған бала Арыс өзеніне батып кеткен.

Ауыл тұрғындары өздері іздеп таба алмаған соң Шымкент қаласынан көмек шақыртқан.

"Қыз бала кәмелетке толмаған ағаларымен балық аулауға барғаны анықталды. Өзен маңында ойнап, бала суға құлап кетті деген болажм бар. Кешке дейін осы іздестіру жұмыстары оң нәтижеге берген жоқ, келесі күннің таң ертеніне дейін тоқтатылды. 18 мамыр күні сағат 12: 07-де іздестіру-сүңгуір жұмыстары барысында баланың денесі болжамды оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықта көпірдің астынан табылды", - делінген Шымкент қалалық ТЖД жариялаған мәліметте.