ТҮРКІСТАН: Ұялы байланыс және интернет сапасын арттыру шаралары күшейтіліп жатыр

0
906

Облыс әкімі басымдық облыс орталығы мен ауылды жерлерге берілетінін айтты.


ТҮРКІСТАН: Ұялы байланыс және интернет сапасын арттыру шаралары күшейтіліп жатыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін «Kcell» АҚ Басқарма төрағасымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ұялы байланыс пен интернеттің сапасын арттыру шаралары күшейтілуде. Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін «Kcell» АҚ Басқарма төрағасымен кездесті. Тараптар Түркістан облысында ұялы байланысты дамытуды талқылады. Облыс әкімі, басымдық облыс орталығы мен ауылды жерлерге берілетінін айтты. Республикалық тасжолдардағы және шекаралас аймақтардағы ұялы байланысты күшейтуге күш салу туралы да айтылды.


"Бүгінгі таңда сапалы интернет – халықтың негізгі қажеттіліктерінің бірі. Бұл мәселе халықпен кездесуде жиі көтеріледі. Интернеттің жылдамдығы мен сапасына халықтың шағымы көп. Аудандар арасындағы республикалық маңызы бар жолдардың өзінде байланыс нашар. Тұрғындарымыз тарифтердің ақысын толығымен төлеп отыр. Сондықтан сапалы қызметті талап етуі орынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұялы байланыспен қамту мәселесіне, елдің шалғай ауылдарын интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер қойды. 1-ші қыркүйектегі халыққа Жолдауында Президентіміз Қазақстанды IT-мемлекетке айналдыруды тапсырды. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды мәселе. Өйткені облыс тұрғындарының 80 пайызы, яғни 1,6 миллион адам ауылда тұрады. Ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларының бірқатар мәселелерін шешу интернетпен тікелей байланысты. Ал облыстың 62 ауылында байланыс мүлдем жоқ, 116 ауылдық елді мекен интернет желісімен қамтылмаған. Ауылдарды сапалы байланыспен қамту үшін біз, өз тарапымыздан, байланыс операторларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайынбыз",- деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.


«Кселл» тарапынан келісілген Жол картаға сәйкес, облыстағы 140 елді мекенде жаңа базалық станция орнату, 78 елдімекеннің базалық станцияларын жаңғырту жоспарлануда. Облыс әкімі


«Kcell» АҚ Басқарма төрағасының бұл жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуын бақылауға алуын атап өтті.


"Түркістан облысы біз үшін өте маңызды өңір. Бізді таңдаған қолданушылар бойынша ең көп аймақта еліміз бойынша алғаш рет 5G желісіне қосылған болатын. Біз базалық станция құру жұмыстарын күшейтеміз. Ауылдарды бірден 4G желісіне қосу көзделген. Ол үшін заманауи жабдықтар жеткілікті. Бүгінде жұмысты күшейтіп, келер жылы Түркістан облысында 300-ге жуық базалық станция құрылады. Бұл жұмыстардың уақыты әрі сапалы жүзеге асуына кепіл беремін", - деді «Kcell» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.


Кездесу қорытындысымен Түркістан облысында ұялы байланысты дамыту бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.