ТҮРКІСТАН: Ветеринария қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі артады

0
1 162

17 қараша күні Отырар ауданында ветеринария қызметкерлерінің қатысумен семинар өткізуді жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Ветеринария қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі артады

Түркістан облысы ветеринария басқармасының ұжымында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды талқылау және келесі жылғы жоспарды ұйымдастыру бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш жиынға басқарма басшысы Ғани Құрманбай төрағалық етіп, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшылары мен облыстық «Ветеринариялық қызмет» МКК қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде алдағы жоспарларға ден қойылды. Мал дәрігерлері қызметкерлерінің имидждік келбетін қалыптастырып, қоғамдағы рөлін жоғарылату, арнайы кәсіби мереке бекіту мен жеке кәсіби киім үлгісін жасақтау жұмыстары талқыланды.
– Ветеринария қызметкерлері қоғамда үлкен рөл атқаратын мамандар. Олардың жұмыстары ауқымды. Жануарлардан таралатын қаншама ауруларды емдеумен айналысып, өз өмірлерін тәуекелге тігіп жұмыс жасайды. Олардың санаторийге барып демалуын қадағалап, денсаулықтарының жақсы болуы қамтамасыз етілуі тиіс, - деді Ғани Тұрысқұлұлы.
Сонымен қатар, басқарма ұжымы 17 қараша күні Отырар ауданында ветеринария қызметкерлерінің қатысумен семинар өткізуді жоспарлап отыр. Оған Жамбыл, Қызылорда облыстарынан тиісті өкілдер де шақырылмақ.
Айта кетейік, Түркістан облысының ветеринария басқармасы 2023 жылдың 13 наурызында құрылған.